Үлкен жол ашып отыр / Ақтөбе газеті № 97-98 (20.118-20.119) 30.07.2015 ж / Мұғалжар №2 аудандық сотының төрағасы Алтынбек Сабыров

Версия для печатиВерсия для печати

Елбасы белгіленген бес институттық реформаның ішіндегі екінші тарауы – қоғамдағы заңның үстемдігін арттыру, сот жүйесін жетілдіру, полиция қызметінің халықтың сенімін шығатындай жұмыс жасауына қол жеткізу, заңға дегшен сенімді арттыру болып табылады. Сот жүйесіне деген сенімді арттырып, қоғамымыздағы ең басты құндылықтар – адамның құқығы мен еркіндігін әділ заңдар арқылы қорғап, жүзеге асыруға бағытталған.Бұл орайда, заңның үстемдігі арқылы еліміздегі құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы басқа дамыған мемлекеттердегідей дәрежеге көтеріп, елімізді одан әрі демократияландыруға зор ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда бес институттық реформадағы заңның үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстары сот саласында да қолға алынып, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету, судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру, судьялық лауазымға үміткерлерге талапты күшейту, сот төрелігі институтының ролін арттыруға бағытталған шаралар атқарылуда.

Осы реформаның еліміздің әрбір азаматына берері мол және мемлекетімізді одан әрі дамытып, отандық экономиканы өркендетіп, қуаттандырып, мәңгілік мемлекетке айналдырып, дамыған 30 елдің қатарына енгізуге үлкен жол ашып отыр деп есептеймін.