Сот жүйесін жетілдіру мақсатындағы нақты қадам / Мұғалжар газеті 30.07.2015 ж / Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Кендірбаева

Версия для печатиВерсия для печати

Елбасының «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі замангы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бағдарламада сот жүйесіне барынша өзгерістер енгізу қажеттілігі айтылған. Сот саласын қайта құруға Елбасының бұлайша ерекше мен беруінің астарында қарапайым халықтың мүддесін қорғаудағы соттың жұмысын онан әрі жетілдіру, сол арқылы оның ашықтылығы мен қолжетімділігін және ең бастысы, әділ сот төрелігін жүзеге асыру сияқты жоғары талап жатқаны күмәнсіз.

Қазақстанның сот құрылысын реформалаудың нәтижесінде бірінші сатыдағы соттар, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар, сондай-ақ қадағалау сатысындағы сот – Жоғарғы Сот болды. Облыстық соттарда екі сот алқасы құрылған. Заңды күшіне енбеген сот актілеріне шағым келтіру үшін апелляциялық және заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану үшін кассациялық сот алқалары қызмет етеді жіне қаралатын істерді бірінші сатылы соттарға қайта қарауға жолдауға тыйым салынуда. Ал, Жоғарғы Сотқа шағымдану үшін міндетті түрде апелляциялық және кассациялық сатылардан өту қажет.

     Сот процестерінде аудио-бейне жазба жүйесін жүргізу кең тәжірибеге енді. Аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу – бұл баршаға мобильді, айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы тағы бір қадам. Бұл отырыстың қорытындысы бойынша құжаттарды дайындауды жылдамдатады, шаралардың объективтілігі бойынша сұрақтар алынады.