Сот төрелігі институтының Мемлекеттік басқару академиясынан бөлінуі – заман талабы / Жем Сағыз газеті №31 (7290) 23.07.2015 ж / Байганин аудандық аға сот приставы Нұрлыбек Кадиров

Версия для печатиВерсия для печати

Сот жүйесінің беделі – қай мемлекет үшін де маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елді дамытуға арналған бес бағыт айқындалған. Соның ішіндегі екінші бағыты бойынша еліміздің сот жүйесінде біраз өзгерістер жоспарлануда.

Солардың қатарында үш сатылы сот жүйесіне көшу туралы айтуға болады.

Сонымен қатар, судья лауазымына үміткерлердің жас мөлшерлері 30-дан кем болмауы тиістігі, олардың тікелей сот жүйесінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы жөнінде ұсыныстар бар. Бұның барлығы түптеп келгенде судья лауазымына үміткерлерді дұрыс іріктеу, кездейсоқ адамдардың өтіп кетуіне жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәсіби мамандардың қызметке орналасуына кең жол мен мүмкіндіктер ашу.

Алдағы уақытта барлық судьялар міндетті түрде Сот төрелігі институтының магистратурасында даярлықтан өтуі тиіс. Сот төрелігі институты Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрамынан шығарылып, Жоғарғы Соттың қарамағына берілетін болады. Аталған оқу орнында оқитын магистранттар мен судьялыққа үміткерлер үшін тағылымдама мерзімі бір жылға дейін арттырылатын болады.