Ойыл аудандық сот

Ашық есік күні өткізілді

13/09/2017

Ойыл аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту мақсатында ай сайын «Ашық есік күні» және күн сайын азаматтарды қабылдау жұмыс уақытында сағат 09.00-18.00 аралығында өткізіледі. 

Төраға С.З.Танимова өткізілген «Ашық есік» күнінде Ойыл ауылының тұрғыны азамат Ж. мен Ақтөбе қаласының тұрғыны азаматша М.  бұрыңғы Ойыл аудандық тұрмыс көрсету комбинатында қызмет жасағандығын анықтау сұрақтарымен келіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

«100 нақты қадам» Жоспары талқыланды

28/05/2015

Бүгін Ойыл аудандық сотында «Президенттің бес реформасы» семинарлық сабақта талқыланды. Сот төрағасы Н.Бақтығалиев қоғамдық қатынастар жүйесін түпкілікті өзгертуге жол беретін және Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға мүмкіндік туғызатын 100 қадамның әр реформасы туралы нақты баяндады. Сонымен қатар, жаңа реформалар тұрақтылықты, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қазіргі заманға сай мемлекетті құру, соның ішінде сот жүйесін нығайтуды қамтамасыз ететіні атап өтілді.