Қобда аудандық сотында 2017 жылдың 9 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті
10 қазан 2017 жылы Қобда аудандық сотымен 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Жиынға сот төрағасы А.Т.Анарбаев және жергілікті БАҚ өкілі Т.Казиев қатысты.
2017 жылы 9 айында аудандық сотымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған
Қобда аудандық сотымен 2017 жылдың 9 айында барлығы 36 адамға қатысты 30 қылмыстық іс, 299 азаматтық іс және 326 әкімшілік іс қаралған.
2017 жылдың 9 айында 297 электрондық талап арыздар, сот актілерін сұрату туралы 62 арыз «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы түскен .
Сонымен қатар іс-шара өту барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» жобасы іске асырылып жатқанын және пилоттық жобаның мақсаты, жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуде азаматтық сот ісін жүргізуді енгізу, бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (жандалдарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап өтті.
Баспасөз мәслихатын қорытындылай келе, сот төрағасы А.Т.Анарбаев БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап беріп, қатысқан үшін алғысын білдірді.