Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамалды
10/10/2017
Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (Сотты құрметтемеушiлiк) жасақталған У. жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.
Іс материалдарына сәйкес, 05.10.2017 ж. сағат 09.00-шамасында У.-дың қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына сотталушы ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.
Соттың қаулысымен У. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі