Ата-ана құқығынан айырылды
13/09/2017
Мәртөк аудандық сотында талап қоюшы Мәртөк ауданы бойынша білім бөлімі жауапкер Г-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматық іс қаралды.
Талап қоюшы жауапкер Г-ға 2003 жылы туылған кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы талабымен сотқа жүгінді, өз талабында жауапкер қызын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамайды, өзінің тұрағы бойынша теріс мінезделген, жүйелі түрде спирт ішімдіктерін пайдаланады, баланы қараусыз қалдырып, үйінде ұзақ уақыт болмайды.
Жауапкер Г., сот отырысында талап қоюшының талап арызында көрсетілген мән-жайларды толықтай мойындады.
Сот ата-аналық құқығынан айыру туралы талабын толық қанағаттандыруды шешті. Жауапкерден алимент өндірілді.Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі