Сұрақ қою

Құрметті келуші!

Сіз енгізген жеке мәліметтер құпия және таратылмайды немесе үшінші тараптарға берілмейді.
Назар аударыңыз: сот шешімдеріне қатысты шағымдар мен өтініштер Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына былайша жолданады:
• арнайы әкеліп тапсыру;
• пошта арқылы жолдау;
e-gov.kz «Электрондық үкімет» порталына жіберу.

Жауап алуды тездету үшін сұрақты қысқа әрі нақты қоюды сұраймыз. Сұрақ қоюдан бұрын блог және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурстары материалдарынан оған жауап іздеп көріңіз. Оларда Сіздің сұрағыңызға тиісті жауап болуы мүмкін және ондай жағдайда қажетті ақпаратқа оңай қол жеткізесіз. Блог қызметін пайдалану үшін Сізге Келісімді қабылдау қажет болады.

Қатысуға қатысты келісім

Сұрақ қою үшін төмендегі нысанды толтыру қажет (әрбір жолды толтыру керек, онсыз сұрағыныз қабылданбайды):
• Сіздің Т.А.Ә. (таратылып жазылады)
• Өңір
• Сіздің жеке e-mail
• Сұрақтың мәтіні

*Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын және менің жеке басымды анықтау жөніндегі әрекеттерді жүргізуге қарсы емеспін.

*Көрсетілген мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда сұрақ автоматты түрде алынып тасталады және қараусыз қалдырылады.

Сұрақты жолдағаннан кейін Сіз сұрағыңыздың ағымдағы статусын көресіз.

Келесі сипаттағы сұрақтар қаралмайды:
• Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар;
• Мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар;
• Сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар.


«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 17-бабы 1-тармағына сәйкес Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. Сонымен қатар, Жоғарғы  Сот Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген қағидаларына түсіндірмелер беруге құзыреттілігі жоқ екендігін хабарлаймыз.


Жарияланар алдында өтініш этика мен дұрыс жазу ережесі нормаларына сәйкестігі тұрғысынан модерациядан өтуі мүмкін. Өтініштің мәтінінен қорлау сипатындағы, жала жабатын, жамандап даттайтын, адамның ар-намысына, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер немесе диффамация мақсатында пайдаланылатын әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық немесе рулық қарсылықты қоздыруға бағытталған мәліметтер, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен абыройына немесе діни сенімдерін қорлау, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сенімдеріне қатысты кемсітуді көздейтін мәліметтер алынып тасталуы мүмкін.


Әдетте, өтінішті модерациялау және оған тіпті аралық жауап дайындау белгілі бір уақытты қажет етеді. Осыған орай, қайталанатын (бір-бірін қайталайтын) өтініштер, не бұрын берілген өтініштерді орналастырмау себебін немесе олардың ағымдағы статусын нақтылайтын өтініштер жарияланбауы мүмкін.


Жедел шешуді талап ететін өтініштерге (шұғыл сипаттағы сұрақтар), әсіресе жұмыстан тыс уақытта келіп түскен осындай өтініштерге, ден қою мерзімдері бойынша наразылықтар қабылданбайды.


Осы ережелермен келісу өтінішті жариялау үшін міндетті шарт болып табылады.

Пікірлер мен ұсыныстар