1597

№ вопроса: 
1597
Тегі: 
АЙМАГАМБЕТОВ
Аты: 
САГИДУЛЛА
Әкесінің аты: 
САГНАЕВИЧ
Облыс: 
Актюбинская область
Сұрақ: 
Қадірменді Мұратғали Абрар ұлы! Мен "Ар-Иман" мүгедектер қорының директоры Аймағамбетов 14.03.20"17жылы апелляциялық алқаның мәжілісіне қатысып,Примашев мырзаның төрағалық етуімен қабылданған шешімге ерекше таңқалдым.Біз Өкілетті орган-"Самрұқ-Қазына контракт" ЖШС-нің "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС-гі сатып алу заңын өрескел бқзғандығын біржақты қуаттаған құжатымыз жөнінде қалды,жауапкердің біздің шағымымызға ылғи ЖАЛҒАН мәліметтер жазған ПІКІРІ сот шешімін қабылдауға НЕГІЗ болды.Бұндай азаматтық сот өндірісінің БАСТЫ қағидаларын САНАЛЫ ТҮРДЕ аяққа басқан сот кімге керек.Біз осыған орай 28-ші наурызға белгіленген біздің "Қозпошта"АҚ-на шағымымыз бойынша қаралатын отырысқа қатыспаймыз,себебі ӘДІЛ сот болатынына БІРЖАҚТЫ КҮМӘНДАНАМЫЗ.Біз болатын сот құрамына қарсылық білдірер едік,бірақ басқа құрамдағы сот алқасы Примашев мырзаның ықпалынан шыға ала ма,ӘДІЛ шешім қабылдайтынына КЕПІЛДІК бере аласыңыз ба?
Дата ответа: 
чт, 30/03/2017 - 11:53
Жауап: 
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Жұбанов көшесі 159 үй, «АР-ИМАН» МҚҚ С.С.Аймағамбетовке Сіздің 2017 жылдың 16 наурызында Ақтөбе облыстық соты төрағасының атына жолдаған арызыңыз мұқият тексерілді. Арызыңызда «АР-ИМАН» мүгедектер қоғамдық қорының «Қазақойл-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен алынбай қалған 29 000 000 теңгені өндіру жөніндегі азаматтық ісі бойынша қабылданған Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылдың 5 қаңтарындағы шешімін апелляциялық сот алқасы заңсыз өзгеріссіз қалдырғанын, сот шешімімен қоғамдық қордың құқығы өрескел бұзылғандығын, сот алқасының оған назар аудармағанын көрсеткенсіз. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңының 1 бабына сайкес сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды, соған байланысты заңды күшіне енген сот актісін заңсыз деуге негіздер жоқ. Сот актісінің заңдылығы заңда көрсетілген тәртіпте ғана тексерілуі мумкін. Ал, 2017 жылдың 28 наурызына тағайындалған «АР-ИМАН» қоғамының «Казпочта» АҚ-нан алынбай қалған 12 492 325 теңгені өндіру жөніндегі азаматтық іс бойынша сот процесіне қатысу Сіздің еркіңізде. Бірақ, сот шешіміне шағым беруші тұлға өзінің уәждерін тиісті дәлелдемелермен қуаттау үшін апелляциялық сот алқасының отырысына қатысуға тиіс. Сот төрағасының м.а. Р.Хайруллин
Статус автора обращения: 
организация (юридическое лицо)
Должность подписавшего: 
директор
Категория вопроса : 
гражданское судопроизводство