Жүргізуші куәлігінен айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Л. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Л. 29 қыркүйек  2017 жылы  23-00 сағатта Алға қаласында «Урал» (мотоцикл) маркалы автокөлігін мас күйінде жүргізіп, Б. көшесі №№16 және 18 үйлерінің арасында ұсталып, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылып, яғни  автокөлікті мас күйінде жүргізіп, қасақана құқық бұзушылық жасаған.

Алға аудандық сотының қаулысымен, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Л. үш жылға көлік жүргізу құқынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі