ЖҰБАТУШЫ «АПАЙ»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Неліктен адамдар өміріндегі қымбат жандарды, қасындағы бірге жүретін адамдарын бағаламайды?

«Шарап ішетін адам оның зиянын білмейді, ал ішпейтін адам оның пайдасын білмейді» - жапон мақал –мәтелі осылай дейді. Бұл әр адам өз өмірінде әрқалай шешетін философиялық мәселе.  Арақ-шарап бар мәселені шешетін бір-ақ жол деп ойлайтындар қателеседі және бұл қателік орны толмас өкініштерге әкеп соғуы да мүмкін.

Осылайша К. өзінің үйіне кешқұрым келген кәмелетке толмаған сіңлісіне көмектесем деп ойлаған. Түңілген сіңлісі жігітімен ара-қатынасындағы мәселелерін айтып, мұңын шағады. Оны «жұбату» мақсатында К. оған ішімдік ішуді ұсынады. Нәтижесі – 2 бөтелке ішілген сыра және кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсауға оқталу  әрекеті. Ойлануға тұратын жағдай!!!

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азаматша К. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 112 бабымен, яғни кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзгені үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекет пайдасына 37 040 теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі