Жол оқиғасы орнын тастап кеткені үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат А. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611 бабының 3 бөлімінде (көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу әрекеті) көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды, себебі ол көлік құралдарын жүргізу құқы жоқ азамат бола тұра, 2017 жылдың 29 тамызында шамамен 12 сағат 30 минутта, Ақтөбе қаласының Бөкенбай батыр көшесіндегі  №73 үйдің қарсысында «Лада 21144» автокөлігін басқару барысында, өзі қатысушы болып табылатын жол көлік оқиғасы орнын тастап кеткен.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі