Жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық шығын мен моральдық зиян өтелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы А.-тің жауапкер  Қ.-ға материалдық шығын және моральдық зиянды өндіру  туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А. жауапкер Қ.-ға жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық шығын және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өз талабында жауапкер Қ. жол көлік оқиғасын жасағанын, талап қоюшының жеке меншігіндегі автокөлікке соқтығысып, оған материалдық шығын келтіргенін негіздеген. Сонымен қатар, осы жол көлік оқиғасынан А.-ға орта дәрежедегі дене жарақаты келтірілген. 2017 жылғы 13 қаңтардағы қаулыға сәйкес, қылмыстық іс рақымшылық заңының негізінде қысқартылған. Жауапкердің сақтандыру компаниясы материалдық шығынды өтеген. Алайда, көлікті тасымалдау үшін талап қоюшы 26 000 теңге көлемінде материалдық шығындарға ұшыраған. Сондықтан, талап қоюшы осы оқиға нәтижесінде жауапкермен келтірілген 26 000 теңге   материалдық шығын және 500 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұраған.

Сотының шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Қ.-дан талап қоюшы А.-ның пайдасына 26 000  теңге  материалдық шығын және 250 000 теңге сомасында моральдық зиян,  1 395 теңге сомасында мемлекеттік баж, 30 000  теңге сомасында өкілдің көмегіне төленген ақы және 2 333 теңге сомасында нотариустың қызметі үшін төленген шығыны өндірілді. Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.      

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі