Жол көлік оқиғасы болған жерден жасырынып кеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат Б., 02 наурыз 2014 жылы Ақтөбе қаласында, Тургенов көшесіндегі № 104 үйге қарсы  «Ваз-21060» автокөлік құралын басқарып келе жатып,  Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы белгіленген ережесінің 2.5 тармағын өрескел бұзып, өзі жол көлік оқиғасына қатысушы бола тұра, қылмыстық жазалау әрекетінің белгілерінсіз, жол оқиғасы болған жерден кетіп қалған, сөйтіп ол ҚР ӘҚБтК-нің 469 бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. Сот қаулысына сәйкес азамат Б-ға, ҚР ӘҚБтК-нің 469 бабында  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша 1(бір) жыл мерзімге қөлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

                                                                                                                                Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі