Жол ережесін сақтай біл!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен сотталған З. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,  2017 жылдың  24 наурыз айында  23 сағат 00 минут шамасында З. Ақтөбе  қаласында,  «Mersedes-benz»  автокөлігін басқара отырып, М.Оспанов көшесінен Сәңкібай-батыр даңғылынан А.Молдағұлова  даңғылына қарай бағытталып,  «Дару»  емханасына қарама-қарсы «Жаяу жүргіншілер» өтпесінің белгісін біле тұра, 5.16.2  ҚР жол қозғалысының  ережесін бұзып,  ары қарай жылдамдықты асыра пайдаланып, жеңіл ойымен жылдамдықты  азайтпай  «Жаяу жүргіншілер»  14.1. және 1.5.3. ҚР жол қозғалысының ережесін бұзып, нәтижесінде жүргіншілер өтпесінде  өтіп бара жатырған аз.Н. қағып кеткен.

Жол  көлік оқиғасының салдарынан З. жәбірленуші  Н.-ға орта дәрежедегі дене жарақатын келтірген.

Сот қаулысымен  З. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің  345-бабының 1-бөлігімен теріс қылық деп танылып, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің  68-бабының  1-бөлігіне сәйкес, тараптардың татуласуына байланысты  медиациялық тәртіппен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі