«Жекеше айыптау істері» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Таласкалиев және учаскелік инспекторлардың қатысуымен «Жекеше айыптау істері» туралы тақырыбына семинар сабағы  өтті.

Іс шара барысында сот төраймы С.З.Танимова 2016 жылы және 2017 жылдың екі айында қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жекеше шағым бойынша Қылмыстық-процестік кодексінің 408-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай келмеуіне байланысты іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылған жадығаттарға байланысты ақпаратты жариялап, учаскелік инспекторлардың полиция бөліміне түскен жекеше айыптау шағымдарын жолдау барысындағы кемшіліктері туралы айтып өтті.

Семинар сабақ соңында қатысушылардың ұсыныстары тындалып, қойылған сұрақтар бойынша жеке айыптау істеріне байланысты пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі