Жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 19 шілде күні  Қобда аудандық сотының бас маманы Г.Н.Абишева Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының  ғимаратында жеке кәсіпкерлермен  «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» атты тақырыбына кездесу өткізді.

Іс шара барысында бас маман Абишева Г.Н. жеке кәсіпкерлік ұғымы және түрлері туралы, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы, жеке кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершіліктерінің түрлері туралы айтып өтті.

Сонымен қатар бас маман Г.Н.Абишева жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік қорғалуына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс шараға қатысушылар осындай іс шараның өтілгеніне өздерінің алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі