Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру)жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сонымен 2017 жылдың 02 қантар айында сағат 01-00 шамасында Мәртөк ауданы Мәртөк ауылында 1968 жылы туған сотталушы аз.Ж., алкогольды масаң күйінде 1940 жылы туған жәбірленуші  аз.А-ның үйінде жеке жақтырмаулық қарым қатынастар негізінде қасақана жәбірленушінің басына бір рет жұдырығымен ұрып, кейін киімінен ұстап алып, оны далаға жерге итеріп жіберді, сөйтіп  жәбірленуші аз.А-ға денсаулығына жеңіл зиян келтірді.

Сот аз.Ж-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабы бойынша кінәлі деп танып, 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту, 70 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі