Жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңес сот төрағасы О.Бақтыгереевтің,  судья  С.Дәріқұлованың, сот мамандарының, ҚР ІІМ-нің мамандандырылған күзет қызметкерлерінің  қатысуларымен  өтті.

Жедел кеңесте 05.10.2017 жылғы №1599-17-5-20/4261 санды Ақтөбе облыстық сотының  хаты талқыланды.  Онда   27.07.2017 жылы Мұғалжар аудандық сотының ғимаратында адвокаттың барсетка сумкасының  жоғалғандығы жөнінде  айтылған.

Осыған байланысты, сот төрағасы О.Бақтыгереев сот ғимаратында тараптардың кіріп-шығу режимін бақылауды, қырағылық танытуды, келуші тараптардан заттарын арнайы жәшікке салуды талап етуді, темірдетектор құрылғысын пайдалану арқылы тексеруден өткізуді және  ішкі тәртіп ережелерін   қатаң  сақтауды тапсырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі