Жәбірленушімен татуласу туралы жазбаша келісімі негізінде әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көп жағдайларда отбасы–тұрмыстық құқық бұзушылық саласында жәбірленушілер болып құқық бұзушының  әйелдері келеді, сонымен бірге отбасылық «бұзақының»  басқа да отбасы мүшелері жәбірленушілер ретінде болып келетіндері де аз емес.

Алайда  жәбірленушілер жағы отбасын, туыстық қатынастарын сақтап қалу мақсатында құқық бұзушымен татуласуына байланысты әкімшілік істі тоқтату туралы өздері сотқа арызбен  жүгінеді.

Шалқар аудандық соты анасына  былапат сөздерді айтып, жанжал шығарғаны үшін  қала  тұрғынына К-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша татуласуына байланысты әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істі тоқтатты. 

 Сот отырысында  әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға мен жәбірленуші жазбаша келісімге келіп, келісім бойынша  құқық бұзушы  заңсыз әрекеттер жасағаны үшін анасынан кешірім сұрап,  алдағы уақытта былапыт сөздерді айтпауға,  отбасылық-тұрмыстық жағдайда бірге тұрып жатқан адамдарға кұрмет көрсетуге міндеттелген, ал жәбірленуші құқық бұзушыны кешіріп,  татуласуына байланысты істі өндірістен тоқтатуға өтініш білдірді.

Сот  тараптармен қол қойылған жазбаша келісімді бекітіп  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істі  64- бабы негізінде тоқтатты.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі