Жаза мерзімі қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

13.12.2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының күші қолданылмайтын, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің төрттен бірі қысқартылады.

2017 жылдың 29 мамырда Мәртөк аудандық пробация қызметінің сотталушы аз.Н-ға қатысты рақымшылық қолдану туралы ұсынысы қаралды, бұрын сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 4 бөлімі- ірі мөлшерінде бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша сотталған.

Сот отырысында, сотталушы ауыр саннатағы қылмыс жасағаны үшін сотталғаны,  келтірген зиян жоқ екенін анықталды. Сот пробация қызметінің сотталушы аз.Н-ға қатысты ұсынысын қанағаттандырды және сотталушы рақымшылық туралы актісіне  сәйкес өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасы 1 жыл 10 ай 12 күн мерзімі 5 ай және 18 күнге қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі