Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383- бабының 3- бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) азамат М.- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, 14 маусым 2017 жылы жергілікті уақыт 01-50 сағат шамасында құқық бұзушы М. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы Жем өзенінің бойында, балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен заңсыз  балық аулап,  балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын өрескел бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы М. өз кінәсін мойындаған.

Сот азамат М.-ді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, құқық бұзушылық құралдарын тәркілеп, әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі