Ювеналдық сот рөлі мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы колледжінде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Ювеналдық сот рөлі мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріске  колледж мұғалімдері мен студенттері қатысты.

Өз сөзінде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағанардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Б.Ормаханов Қазақстанда сот төрелігі жүйесін одан әрі дамыту және мамандандыру - балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ең алдымен сөзсіз балалардың сот төрелігіне қол жеткізуіне байланысты екенін атап өтті.

Жасалынған зерттеулердің нәтижесі белгілі бір топтардың сот төрелігне қол жеткізуі шектеулі екенін көрсетті, олар мысалы: құқықтық көмек және әлеуметтік қорғаусыз қалған балалар; осал отбасылардан шыққан балалар; оралмандардың балалары; құжаттары реттелмеген балалар; интернат мекемелерінде орналастырылған балалар; мүгедек балалар; елдің шалғай аудандарында тұратын балалар.

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігі саласындағы заңнаманы реформалауға, балаларды зорлық пен қатігездік танытудың кез-келген түрінен қорғауға басты назар аударылып отыр.

Сот-құқықтық жүйесін дамытудың негізгі бағыты соттар мен судьялардың мамандандырылуы, оның ішінде ювенальдық соттарды дамыту болып табылады. Бұл ретте ювенальдық соттар елімізде құрылып жатқан ювеналдық әділет жүйесінің орталық элементі болуы тиіс.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзырына қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау жатады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың жұмыс жасау тағылымдамасы  мұнан әрі тергеу, прокуратура, адвокатура, атқару жүйесін, пробация жүйесін, сотта әлеуметтік қызметкерлер мен балалар психологтарының жұмыстарын мамандандыру қажеттігін көрсетіп отыр.

Осы тұрғыда заңға қатысы бар және құқықтарының қорғалуына мұқтаж балалардың тағдырына араласатын аталған органдардың үйлесімді жұмыс жасау қажеттігі мәселесі тұрғанын көреміз.

Дәріс соңында колледж оқушылары мен мұғалімдер тарапынан аталған тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойылып,  сот төрағасы Н.Б.Ормаханов тарапынан тиісті жауаптар алынды.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: