Әйел адам мастық жағдайын куәландырудан өту туралы талапты орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жол қозғалысына қатысушылардың жол полициясы қызметкерлерінің талаптарын орындауы міндетті және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралған азаматша Г-ға қатысты әкімшілік іс осының куәсі. Ол 2017 жылғы 10 мамырда таңғы 07-05 шамасында Ақтөбе қаласы, Профсоюзный көшесіндегі №14 үйдің қарсысында «Шевролет Нива» маркалы көлік құралын басқару келе жатып, полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-бөлімінде (ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен азаматша Г. әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, ол 2 (екі) жыл мерзімге көлік жүргізу құқынан айыру түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: