В суде №2 Мугалжарского района проведен "круглый стол"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Тергеу судьясының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шара Ембі қаласының әкімшілігінің өкілі, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, КА-168/5 мекемесінің, Ембі қалалық полициясының инспекторлары, Мұғалжар ауданының №2 пробация инспекторлары, кеңсе мамандарының қатысуларымен өтті. 

Судья Ж.Кунаева сөзінде: тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер, атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысы, кепілді қолдану, іздеу жариялау, күзетпен ұстау, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою және т.б. өзекті мәселелер талқыланды. 2015 жылдың басынан бастап республикада тергеу судьяларының институты жұмыс істеп келеді. Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары тарапынан тағайындалған тергеу судьяларына үлкен өкілеттілік берілген. «Ұлт Жоспарының» шеңберінде барлық тергеу қызметіне қатысты өкілеттіктерді тергеу  судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету мәселесі қарастырылатын болады. Қазіргі таңда тергеу судьясы сегіз процестік әрекетке санкция береді. Сот бақылауын күшейту аясында жақын уақытта тергеу судьясына бірқатар қосымша өкілеттіктер беру көзделіп отыр. Бұған  қарауға, алуға, тінтуге және жеке тінтуге санкция беру жатады.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар жаңа қылмыстық-процестік заңнама жағдайында тергеу судьяларының жұмысын жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсынымдарды талқылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі