Үлестің нақты құнын төлетуді міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  «К» ЖШС-нің қатысушысы  азамат Ж. «К» ЖШС-ін үлестің нақты құнын төлетуді міндеттеу туралы талап арызымен жүгінді.

Іс материалдарына сай, капиталы 66,68 %  құрайтын азамат З. мен 33,32 % үлеспен азамат Ж. «К» ЖШС-нің құрылтайшысы болып табылады. 2017 жылғы 14 сәуірдегі №100417 жалпы жиналыс хаттамасына сай 2017 жылғы 31 мамырға дейін директор болып азамат Ж. тағайындалған. Заңға сәйкес ЖШС қатысушысы үлесті иеліктен алу жолымен серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы. Талап қоюшы өзінің үлесін ЖШС қатысушыларына, үшінші тұлғаларға ұсынған, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама берген. Үлесті иеліктен алу мүмкін болмаған.

Серіктестік жарғысының 4.4 тармағына сәйкес, егер қатысушының үлесін иеліктен шығару мүмкін болмаса, серіктестік қатысушыға оның нақты құнын немесе  сондай бағаға тиесілі заттай мүлік беруге міндетті.

Сот шешімімен қатысушы Ж-ның талабы қанағаттанды.

Сот «К» ЖШС-ін Ж-ға оның 550 000 000 (бес жүз елу миллион) теңге көлеміндегі 33,32 % нағыз үлесін төлеуге міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі