ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар, «Атамекен» жеке кәсіпкерлер Палатасының басшысы Р.Б.Куишинов, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Ассосациясының өкілі А.М.Кушкалиев қатысты. 

Судья А.М.Жүсіпов баяндамасымен қатысып, өз сөзінде азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен әзірленгенін айтты.

Аталған сұрақтың маңыздылығын және көкейкестігін ескере отырып, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық пилоттық жобаны іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пилоттық жобаны іске асыру сұрақтарын талқылап, пікір алмасты.

Іс-шараны қорытындылай келе, сот төрағасы  қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп,  өз алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі