Түсіндірме іс бойынша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Астана» және «24.KZ» теларналарында «В Актюбинской области прокуратура выявила «живых мертвецов» жөнінде жаңалықтарда хабарлануына байланысты келесіні хабарлаймыз.

Істі шешу барысында судья алдымен заңды басшылыққа алып, сотқа табыс етілген құжаттарға сай шешім шығарады.

Репортажда келтірілген мысалға келетін болсақ, Мұғалжар аудандық сотына Серікбай Мыңсейтовті өлді деп тану туралы арызы оның жұбайы Назипа Мыңсейтовадан түскен. Аталған арызда көрсетілгендей 1987 жылы Серікбай Мыңсейтов үйден шығып, содан қайтып оралмаған. Сондай-ақ арызда оны өлді деп танудың қажеттілігі мен оның мән-жайлары баяндалып, сотқа азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануды дәлелелдейтін құжаттар табыс етілген.

Заңнама талаптарына сай жергілікті газетте аталған азаматты өлді деп тану туралы іс қозғау жөнінде хабарлама жарияланған. Хабарлама жарияланғаннан кейін үш ай мерзім ішінде сотқа оның тұрғылықты жері бойынша хабар түспеген, ол тұрғылықты мекен-жайында бірнеше жылдан бері болмаған және оны іздестіру шаралары оң нәтиже бермеген.

Жеткілікті дәлелдер негізінде Мұғалжар аудандық сотының 20 желтоқсан 2010 жылғы шешімімен С.Мыңсейтов өлді деп жарияланған. Сот шешімі шағымдалмаған және оған проркурор да наразылық келтірмеген.

Сонымен бірге істі қарау барысында сол кездегі аудандық прокурордың орынбасары А.У.Кушжанов қатысып, ол талап арыз қанағаттандырылуға жатады деген қорытынды бергенін атап өткен жөн. 

Сондай-ақ, заңнама талаптарына сай  егер өлдi деп жарияланған адам тiрi оралған немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жаңа шешім шығару арқылы жояды.  Бұл шешім азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазбаның күшін жойып, оның мүлкіне деген қамқоршылықты алуға негіз болады.   

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі