Төрт автокөліктің соқтығысуына жол берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А-ға қатысты іс қаралды.

Азамат А., 2017 жылғы 22 мамырда, шамамен 14 сағат 50 минутта, Ақтөбе қаласы, Уалиханов көшесіндегі «Локомотив»  кинотеатрының қарсысында, «Volkswagen» маркалы көлік құралын басқару кезінде Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын өрескел бұзған, атап айтқанда қозғалысқа кедергі және қауіп туған жағдайда, жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға шара қолданбай,  А-ның басқаруындағы «Lifan» көлігіне соқтығысқан, соққыдан  «Lifan»  көлігі алдындағы А-ның басқаруындағы  «Ваз 211440»  көлігіне соққан, өз кезегінде ол автокөлік те алға жылжып Р-дың басқаруындағы «Лада 111730» автокөлігіне соққан, осы көлік алған инерциядан  Б-ның басқаруындағы «Hyundai Accent» көлігіне соқтығысқан, нәтижесінде бірнеше көлік құралына зақым, материалдық залал келген. Азамат А.-ның іс-әрекеті уәкілетті лауазымды тұлғамен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 1-бөлімімен дұрыс дәрежеленген.

Соттың қаулысымен азаматша құқық бұзушылық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 42 420 теңге әкімшілік айыппұл жазысы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: