Тіркелмеген ойын бизнесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабының 1-бөлімімен (тіркеу, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, хабарлама жібермей қызметпен айналысу) жеке кәсіпкер (ЖК) К-ға қатысты іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың 25 мамыры күнгі 11 сағат 40 минут жағдайында, жеке кәсіпкер К. Букмекерлік кеңсе арқылы табыс табатын жеке кәсіпкерлік қызметін тіркеу, хабарлама жіберу міндетті бола тұра тіркеусіз, хабарлама жібермей жүзеге асырған. 

Сот қаулысымен ЖК К. аталған әрекеті үшін кінәлі деп танылып, ойын бизнесі құралдары тәркілене отырып, 56725 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар