Терроризмге қарсы Заңнаманың талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабының  1-бөлімімен (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жәнеқауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған «С» АҚ-на   қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен өткізілген тексеру нәтижесінде  «С» АҚ-мен Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы заңнамасымен қарастырылған талаптары сақталмайтыны анықталған.

Сот отырысында «С» АҚ-ның  әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктермен және де іс құжаттарындағы басқа да материалдармен толықтай дәлелін тапты.

Сот қаулысымен «С» АҚ ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, 500 (бес жүз)  айлық есептік көрсеткіш есебінде 1 134 500 (бір миллион жүз отыз төрт мың бес жүз) теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі