Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат М. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 9-бөлімімен (мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару)  кінәлі деп танылып, 11345 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, аз. М. 2017 жылдың 16 мамырында шамамен 12 сағат 40 минутта Ақтөбе қаласындағы Пацаев көшесіндегі №82 үйдің қарсысында «Mazda 626» маркалы көлік құралын міндетті техникалық тексеруден өткізбей басқарған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: