Тауарды сақтау мерзімі бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Н» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 4 қаңтарында «Н» ЖШС-нің мекен-жайына  Бразиялиядан құны 2 938 450 АҚШ долларына бағаланған тауар түсіп, «К» АҚ-ға уақытша сақтауға берілген. Уақытша екі ай сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін, тағы да екі айға ұзартылған. Алайда, «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Кодексінің 268-бабында белгіленген мерзім өткенге дейін кедендік декларация берілмеген, яғни оның уақытша сақтау мерзімі бұзылған, сөйтіп Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 541-бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысы бойынша «Н» ЖШС-не 113 450 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: