«Татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Сармат-Энерджи» ЖШС-нің өкілі А.А.Кусаинова, «Ақбұлақ» АҚ-ның өкілі Д.Б.Сермаханова, «Трансэнерго» АҚ-ның өкілі Т.И.Сүйіншалин, жеке заңгерлер В.В.Сахно, Е.А.Петренко,   сот төрағасы Е.К.Қанапиев және  судьялар қатысты.

Баяндамамен  сот судьясы А.А.Имантаева қатысып, өз баяндамасында медиациялық, бітімгершілік, партисипативтік келісімдер – бұл сотпен бекітілетін тараптардың арасында жаңадан талаптар мен міндеттер пайда болатын әдеттегі азаматтық-құқықтық келісім болып табылатынын айтты.

Татуластыру рәсімдерінің артықшылығы, бұл біріншіден: ол сотпен бекітіліп, сот шешімінің күші болады және сол тәртіппен орындалады; екіншіден:  бітімгершілік, медиациялық, партисипативтік келісімдерінде Азаматтық процестік кодексінің 278-бабының 2-тармағына сәйкес  қосымша іс жүргізу салдары бар, яғни Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді; үшіншіден: сонымен қатар бітімгершілік, медиациялық, партисипативтік келісімдердің тартымдылығы талап қоюшының көбінесе өз талаптарынан бас тартуында және жауапкердің қалған қарызды қолайлы  уақытта өтеуінде; төртіншіден: жоғары тұрған сот сатыларына өте сирек дауланады-деді.

Қорытындылай келе, сот төрағасы  қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі