«Татуластыру рәсімдері» тақырыбында брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында жергілікті «Хромтау» аудандық газетінің тілшісі Л.Әбдірованың қатысуымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья С.Ж.Аликулов , 2016 жылдын 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-тарауының нормалары туралы, 174-бабына сай, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатыны, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні туралы айтып, тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, не аталған Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алатынын баяндады.

Сонымен қатар, судья дауды татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен реттеу туралы, талап тілекті кім беруге құқылы екені, тараптардың бұдан арғы әрекеттері қандай, жақтармен дауды бітістіру рәсімдерінің басқа да тәсілдерін қолдану және келісімнің кейінгі орындау тәртібін түсіндірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі