Татуластыру рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк ауданында медиацияны әрі қарай дамыту жұмыс жоспарын орындау мақсатында    2017 жылдың 18 қыркүйегінде Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.А.Нуршарыпов  Халық банкінің Мәртөк аудандық бөлімінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Судья Е.А.Нуршарыпов Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңының талаптары, міндетті медиация бойынша пилоттық жобасы туралы, сонымен қатар  медиация үрдісі азаматтық, еңбек, отбасылық және тараптардың  бірі мемлекеттік орган  болып  табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысумен болатын өзге құқықтық  қатынастарынан туындайтын дауларға қолданылмайтындығын  атап өтті.

Медиация үрдісі жемқорлық бойынша және  мемлекеттік қызметке  және  мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы   өзге де қылмыстар бойынша қылмыстық істерге қолданылмайды.

Медиаторлар медиация әдісін қолдану тақырыбына тұсаукесер рәсімін өткізген.Сот тараптарды татуласуға барлық іс шараларды қабылдайтыны түсіндірілген, соның ішінде медиация әдісін қолдану туралы сот тараптардың құқығы, медиация туралы келісім құру және медиация салдары бойынша айтылған. Және медиация институтын қоса алғанда, дауларды сотқа дейінгі шешу институтын енгізу және дамыту әрі қарай жалғастыру бойынша сұрақтар айтылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі