Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк  аудандық соты азамат С.-ке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. осы жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен тартылған, өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында  жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйде тыныштықты бұзған.  

Сот отырысында азамат С. жұбайына былапыт сөйлегені жөнінде өз кінәсін мойындап, өкінді.

Сотта жұбайы құқық бұзушылықтың мән-жайларын растап, құқық бұзушымен татуласуына байланысты, азамат С.-ке қатысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен азамат С.-ке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты  іс жүргізу  тоқтатылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі