«Тараптардың татуласуы» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Тараптардың татуласуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Муканов, судья Ж.Кунаева, адвокат, кәсіби емес медиаторлар,  прокуратура және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Муканов дөңгелек үстелді аша отырып,  татуласу келісімдері, дауларды медиация тәртібімен реттеу туралы шарттар және партисипативті рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімдерін жасасу рәсімдері мен салдары жөнінде айтып өтті. 

Іс-шара барысында аудандық сот судьясы Ж.Кунаева азаматтық және қылмыстық сот ісін жіргізудегі медиация тәртібіндегі даулардың жүргізу рәсімдерінің құқықтық нормаларымен талаптарын түсіндірді.

Қатысушылар сот істерінде медиацияны кеңінен қолдану мәселелері, оның қолдану аясын кеңейту мен үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мәселелеріне баса назар аударды. Қатысушылар медиация арқылы бітімгершілікке келу мақсатында кәсіби медиаторлардың өзара іс-қимылы, сонымен қатар дау мен жанжалды соттан тыс реттеуге мүдделігін анықтау туралы мәселелеріне тоқталып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі