Тараптар медиативті келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен  талапкер С.-ның жауапкер З.-дан мүлікті заңсыз иеліктен шығару  туралы азаматтық   іс қаралды.

Сот отырысында  талапкер С. жауапкер З. «Mercedes-Benz» маркалы автокөлікті өз атына аудару туралы ауызша келісім болғанын, алайда 2014-2016 жылдар аралығында көлік салығына төленетін берешек 33 265 тенгені құрағанын, жауапкер уақытында көлік салығын төлемегендіктен сотқа жүгінуіне тура келгенін көрсеткен.

Сот отырысыны әзірлік жұмыстары жүргізілу уақытында сотқа тараптардан дауды медиативті келісіммен  аяқтағылары келетіндіктері туралы өтініш түсті.                 

Сот  ұйғарымы   заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі