Тараптар дауды медиация келісіммен реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты  талап қоюшы Ж-ның жауапкер Р-ға берген қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісін  қарады.

Талап қоюшы Ж. жауапкер Р.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген 2016 жылдың сәуір айының 12 күнгі қол хатқа сай барлығы 18070 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында  тараптар талап тілек жариялап, сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арыз ұсынып, істі өндірістен қысқарту туралы арыздарын ұсынды. Келісім шарттары ретінде, талапкер Ж. талап арыздан толығымен бас тартатынын, ал жауапкер Р. 2017 жылдың 15 ақпанына  дейін  талапкер Ж-ға 18070 теңге берешек ақшаны қайтарып беруге міндеттенетінін келтірді.

Сот талап қоюшы Ж.-ның жауапкер Р.-дан берешек ақшаны өндіру туралы талап қою арызы  бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі