Тараптар арасында медиация туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі (ұрлық) Н.-ға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Азамат Н. 18 қазан 2016 жылы сағат 00.30 шамасында арақ ішкен мас күйінде Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі №7 ғимараттың ауласында тұрған «Ойыл аудандық ветеринарлық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиесілі Камаз-43118-46 маркалы автокөлігінің әр қайсысының құны 55 000 теңге тұратын 2 дана аккумуляторын өз пайдасына жарату үшін қасақана пайдакүнемдік ниетімен жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Сот отырысында жәбірленуші өкілі Ж. қылмыстық әрекет салдарынан келтірген зиянды сотталушы Н. өтегендіктен және сотталушымен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі қысқартуды көрсеткен.

Сот қаулысымен, ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлімімен қылмыстық жауаптылыққа тартылған аз.Н. ҚК-нің 68 бабының 1 бөлімінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тараптардың  медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс өндірістен  қысқартылды.   

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі