Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында судья Ж.М.Сейтжапаров сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың және елдің инвестициялық тиімділігін төмендетуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынын тежеуге апаратындығы, сол себепті  ең негізгі мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі тұрғандығы, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің әлемдік стандарттарына сай келетін тиімді механизмдер мен институттарды мақсатты түрде және кезеңімен қалыптастырып келе жатырғандығы туралы айтты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, оның алдын алу, жолын кесу, болдырмау, еліміздің сот жүйесі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғышарттарын қалыптастыру  бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға назар аударылды.  

Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша өзге де мәселелер туралы өзара талқылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі