Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотында судьялар С.Т.Жумашкина, С.Ж.Аликуловтың,  аудандық прокуратураның прокуроры А.К.Махмудовтың, Хромтау аудандық Әділет басқармасының өкілі З.Даутованың,  салық комитетінің өкілі Т.Николаеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. 

Судья С.Ж.Аликулов  өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде таныс екенін айтты. Жемқорлық құбылыстар мейлінше азайтылған мемлекеттер ғана нақты экономикалық гүлденуге қол жеткізетіні белгілі. Өйткені жемқорлық қоғамның барлық салаларын: экономика мен әлеуметтік саланы, соныменқатар саяси ахуалға әсер етіп, осы заңсыз әрекеттің тукдыратын жағымсыз әсері қоғамның біркелкі, ретті дамуына кедергі жасап қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдлелеріне нағыз қауіп төндіретіні рас.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес пара алу және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға және оған теңестірілген адамға жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тиімділікке қол жеткізу үшін азаматтық қоғамның барлық институттары бірігіп әрекет ету керек, мемлекет пен азаматтар болып екіжақты қатысу қажет. Тек осылайша бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру бойынша ұлттық идеяны жүзеге асыра аламыз.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі