«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» туралы тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сот төрағасының м.а. К.Т.Әбдіхалықов, судья М.Мұхамбетқалиев, аудан прокурорының аға көмекшісі А.Арықов, Әйтеке би АІІБ-нің бастығының орынбасары С.Б.Амирин, Әйтеке би ауданы әкім аппаратының заңгері С.Қабдылдин және «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев қатысты.

Аудандық сот төрағасының м.а. К.Т.Әбдіхалықов - сыбайлас жемқорлық мәдениетін және мінез-құлықты қалыптастыратын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жою сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шешуші элементі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті екендігін, осынау қатерлі дерттің біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін айтты. Сондықтан,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте отырып, оның алдын алуда барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет екенін, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтті. Мемлекет жұмыс жасауға лайықты еңбек жағдайларын жасағанда, мемлекеттік қызметшілерден заңнаманы қатаң сақтауды талап етуге құқылы екендігіне назар аударды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндіру берілді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі