Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (Сотты құрметтемеушiлiк) жасақталған А. жөніндегі  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 28.06.2017 ж. сағат 11.30-шамасында А-ның қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына сотталушы ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

Соттың   қаулысымен А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі