Сотта брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 03 шілде күні Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудандық сот төрағасы А.А.Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Литва Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Іс бойынша 2017 жылғы 20 маусым сағат 05-30 шамасында, азамат Б.  «Самара-Шымкент» тас жолының 994 шақырымында «DAF XF 105» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол қозғалысы ережесінің 10.1-тармақшасының талаптарын бұзып, көлiк құралын басқаруда ие бола алмай көлікті аударып алып, жол көлік оқиғасының нәтижесінде материалдық шығын келтірген.

         Сот құқық бұзушы Б.-ны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы), оны көлік құралын басқару құқығынан 9 айға айырған.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі