Сотта бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы М.-ның жауапкер «ASG» ЖШС-дан еңбекақы бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы М. 2013 жылғы маусымнан жауапкер «ASG» ЖШС-да Еңбек шарты бойынша ай сайын 250 000 теңге көлемінде еңбекақысы бекітілген «Бас есепші» лауазымында қызмет атқарды. 30.11.2015 жылдан бастап еңбекақысы төленбеген, 2017 жылғы сәуірде еңбекақы бойынша қарыз ақша 2 250 716,34 теңгені, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін өсімақы 219 834,20 теңгені құрады.

Талап қоюшы өз заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгініп, соттан еңбекақы бойынша қарыз ақшаны және еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін өсімақыны барлығы 2 470 550,54 теңгені өндіруді сұрады.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер «ASG» ЖШС талап қоюшы М. пайдасына  еңбекақы бойынша қарыз ақшаны және еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін өсімақыны барлығы 2 470 550 теңгені 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеуге міндеттенеді. Талап қоюшы өз кезегінде, талап қою арызынан толық көлемде бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі