Сотпен қарыз ақша өндіру туралы дау қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы  Б.-ның жауапкер «М.» ЖШС-нен қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Өз талаптарын талап қоюшы мен жауапкер арасында коттедж жалдау туралы шарт жасалғанын, оның шарттары бойынша жауапкер коттедж жалдауда ай сайын ақысын төлеуді міндеттелгенін негіздеген. Алайда жауапкер өзіне алған міндеттемесін орындамауына байланысты талап қоюшы қарыз ақша өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот зерттелген дәлелдемелерге баға беріп, талап арызды қанағаттандырды.

Сот шешімімен «М.» ЖШС-нен Б.-ның пайдасына 2 150 000 теңге мөлшерінде талап қоюшының талабы толығымен қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі