Сотқа сыйламаушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен 2017 жылдың 15 тамыз айында                                      ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік)  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2017 жылдың 15 тамыз айында сағат                               17.00 шамасында, Қобда аудандық сотының өндірісіндегі әкімшілік іс бойынша тағайындалған сот отырысына сотталушы А. іш киіммен (майка) келіп, өзінің іс әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді.

Аталған жайт бойынша азамат А.-ға қатысты Қобда аудандық сотының аға сот приставымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот отырысында құқық бұзушы А. әкімшілік құқық бұзушылық фактісін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.

Сот азамат А.-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ескерту жасалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс служба Актюбинского областного суда