Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) құқық бұзушы ретінде сотқа шақыртылған, сот ғимаратында алкогольдік масаң күйде келген  Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 05.05.2017 жылы  сағат 15.15-шамасында азамат Б. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша құқық бұзушы ретінде сотқа шақыртылған кезде, сот ғимаратына алкогольдік масаң күйде келіп, сол арқылы сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот отырысында  құқық бұзушы Б. өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен Б.  ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі